Президент биылғы Жолдауында білікті мамандарды елге қайтарудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы техникалық саладағы кәсіби шеберлерді тарту ел дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, лайықты жалақы төлеу қажеттігін ерекше айтты. Бұл бастамалар Парламентте қолдау тапты. Мәжіліс бүгін қызметкерлердің еңбек құқықтарын кеңейтетін жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Құжатта еңбек кодексіне еңбек саласындағы ұжымдық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу көзделген.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Басты жаңалықтары келесідей: жалпы жиналысқа қатысатын қызметкерлердің кворум үшін қажет шегін азайту, кәсіподаққа оның мүшесі емес қызметкерлердің де мүддесін білдіру мүмкіндігін беру. Комитет заң жобасын жұмысқа қабылдауға және тиісті қорытынды әзірлеуге дайын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.