Жас қақпашы Шерхан Қалмырза әлемді тәнті етті

Алматы үлкен мерекелік алаңға айналды. Кеше қаланың Орталық стадионында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» тарихи кездесу өткізді. Оны 23 мыңға жуық жанкүйер тамашалады. Алматылық ұжым, өз алаңында енді Пафосты қабылдайды. Бұл матч қазанның 21-і күні өтеді.

Қаланың қақ ортасындағы стадионға 23 мыңдай жанкүйер жиналып, нағыз футбол мерекесі орнады. Өкінішке қарай, қарсыласқа 5:0 есебімен есе жібердік. Соған қарамастан команданың қадамы нық, бойында рух пен мінез байқалды.
Шерхан Қалмырза Мбаппе бастаған футболшылардың добын шап беріп ұстап, тамаша сейвтер жасады.

«Реалдық» мергендердің талай шабуылына төтеп берген Шерхан Қалмұрза көрерменнің ықыласы бөленіп, шеберлігімен көпті сүйсінткені сөзсіз. ойыннан кейін анасымен байланысқа шықпақ болып едік, жауап ала алмадық. Десе де әлеуметтік желідегі парақшасынан ұлы Шерханның жетістігіне шексіз қуанышты екені анық байқалады. Жас талантқа құрмет көрсетіп, қолдау білдіріп жатқандардың қарасы қалың қазір.
———————————————