Қазақстандық кадеттер шахматтан әлем чемпионы атанды

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы турнирге 88 елден 842 жас шахматшы келіп, рекорд орнады. Қазақстандық кадеттер жарыстың жеңімпазы атанды. Үш алтын медаль иеленіп, жалпы командалық есепте тағы да көш бастады. Әлем чемпионы атағын Алиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек және Данис Қуандықұлы жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан қатарынан екінші жыл өз шахмат мектебінің мықтылығын дәлелдеп, әлемдік аренадағы көшбасшы болып отыр.
ӘДИНҰР ӘДІЛБЕК, АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
— Қарсыластарым өте мықты болды. Жарыс оңайға соққан жоқ, бірақ мен барымды салып, жеңіске жеттім. Бұл нәтижеге үздіксіз жаттығудың арқасында қол жеткіздім. Бос уақытымды тиімді пайдаланып, спаррингтерге қатысып, көп дайындалдым.
———————————————