Павлодар облысында жастар қарттарға цифрлық сауаттылықты үйретті

Павлодар облысында қарттар күніне орай ерекше бастама қолға алынды. «Ауыл» партиясының облыстық филиалы ардагерлер мен жастардың басын қосып, «Жасанды интеллект жасқа қарамайды» атты кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – қарттарға заманауи цифрлық дәуірде жасанды интеллект мүмкіндіктерін күнделікті өмірде қолдануды үйрету. Жастар қанатының өкілдері ардагерлерге ChatGPT, E-gov секілді қосымшасын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін көрсетіп, интернет пен телефон алаяқтарынан сақтанудың жолдарын түсіндірді.
ӘДІЛБЕК ӘМІРЕНОВ, Ә. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
— Ақсақалдардың да қызығушылығы бар. Себебі қазіргі ақсақалдардың барлығы – жоғарғы білімді ақсақалдар. Кеңес дәуірінде білім алған. Олар жасанды интеллектіні меңгергісі келеді.
———————————————