Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚЫЗМЕТТІК ТЕКСЕРІС
Әйелдің денесі, есінен танған полицей. Қарағандыдағы полиция бекетінде болған оқыс жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
БІЛІМСІЗ ЖАЛАҚЫ
64 оқушы білімсіз қалды. Сарыағаш ауданының мұғалімдері ерекше балаларды оқытпай, жалақы алып келген. Мемлекетке 4,2 миллион теңге шығын келді.
«SANA-1» ТӘЖІРИБЕСІ
Он тәулік ғарыштық модулде. Төрт әйел жабық кеңістікте 240 сағат бойы танымдық, медициналық және командалық зерттеу жүргізеді. Бұл – Қазақстандағы алғашқы жоба.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАРИЯСЫ
Қазіргі қариялар да көштен қалмайды. Павлодарлық жастар ардагерлерге жасанды интеллект ерекшелігін үйретіп, цифрлық технологияның тетігін түсіндірді.
ЖАС ҚАҚПАШЫ ЖАРҚЫРАДЫ
«Қайратқа» қарқын жетпегенімен, жас қақпашы дөп келген допты дарытпауға жанын салды. Кешегі матчта Қалмырзаның қаһармандығы әлемді тәнті етті. Тарихи тартыстан не түйдік?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.