Ақмола облысында заңсыз көші-қон құжатын әзірлеп, 40 мыңнан 2 млн теңгеге дейін пара алып жүрген әйел ұсталды. 49 жастағы Талапкер ауылының тұрғыны шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат, тіркеу немесе ықтиярхат алып беремін деп ұсыныс жасап келген. Айғақ ретінде жалған құжат, мөр, анықтама тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.