Қосшыда 4-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Астана іргесіндегі Қосшы қаласында 4-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 9 жастағы оқушыны жеңіл көлік соққан. Апат салдарынан қыз бала ауыр жарақат алды. Бас сүйегі зақымданып, аяғы сынған. Қазіргі таңда дәрігерлер оған қажет медициналық көмек көрсетіп жатыр. Оқиға бойынша тексеріс басталды. Құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.
———————————————