Қостанай таксиден түсіп қалған әйелді көлік қағып кетті

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды. Алтынсарин мен Гоголь көшелерінің қиылысында әйел таксиден құлап түсті. Оқиға сәті таспаға түсіп қалған. Бейнежазбадан қоғамдық көлік бұрылып жатқанда есік кенеттен ашылып, жолаушы әйел жолға құлайды. Бір секунд өтпей артта келе жатқан көлік әлгі жолаушыны таптап өтеді. Абырой болғанда, қарт кісі аман. Бірақ біраз жарақат алған. Бас сүйегі зақымданғаны белгілі. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Такси жүргізушісі жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
———————————————