Шымкенттегі теміржол вокзалының шатырынан су кетті. Өткен жылы ғана жаңғыртудан өткен ғимарат- әлден сыр бере бастады. Вокзалдың реконструкциясына 1,1 млрд теңге жұмсалған. Десе де күздегі бірінші жауын-шашыннан-ақ шатырдан су ағып, жолаушыларға қолайсыздық туғызды.
Жаңа вокзал алғашқы жаңбырға да шыдамады. Бірнеше сағат жауған жауыннан кейін жаңартылған теміржол вокзалының шатырынан су ақты. Жолаушылар әлеуметтік желіге ғимарат төбесінен тамшылаған су мен жерге қойылған шелектердің видеосын жариялай бастады.
Қызметкерлер шатырдан аққан су тоқтамаған соң, бірнеше жерге шелек қойып амалдапты. Вокзалға келген жолаушылар мегаполистің ең ірі ғимаратынан мұндай көріністі көреміз деп ойламаса керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.