Елімізде қыркүйекте 13 сыбайлас жемқорлық дерегі әшкереленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады. Қылмыстың біреуі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланумен байланысты болса, бес жағдайда пара алу, тағы бесеуінде пара беру фактісі болғаны анықталды. Сонымен қатар экономикалық контрабанда және қару-жарақ пен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы бойынша деректер тіркелді. Құзырлы органның хабарлауынша, айдың қорытындысы бойынша сотқа 9 қылмыстық іс жолданған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.