Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ерболат Аспысбаев ауыл шаруашылығы мамандарына арналған жасанды интеллект қосымшасын жасап шығарды. «ЖИ-Агроном» атты цифрлық платформаны ол бір айда іске қосқан. Айта кету, жоба «ChatGPT»-ге ұқсайды. Жасанды интеллект ашық дереккөздердегі мәліметке сүйеніп дәннің сапасын, астықтың шығымдылығын, өсімдік індетін, тіпті ауа-райы туралы болжам жасап, ке келген ақпаратты бере алады. Сондай-ақ мұнда еңбек биржасы да бар. Яғни бос орын әркез жарияланып тұрады. Әрі сауда алаңы да жұмыс істейді. Қосымшада үй жануарларын, техника және оған қажетті құрал-саймандарды делдалсыз саудалайды. Автор ауыл шаруашылығы саласын бекер таңдамаған. Ерболаттың әкесі – фермер. Сондықтан саладағы проблеманы жете біледі. Осылайша шаруларға көмектескісі келген. Енді мүмкіндігін молайтып, мемлекеттік қызметті де қоспақ. Бұл уақытты үнемдеп, сыбайластықты азайтады. Айта кету керек, елімізде мұндай платформаның баламасы жоқ.
ЕРБОЛАТ АЛПЫСБАЕВ – ЖОБА АВТОРЫ:
– Тек Қазақстан емес, ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған ТМД елдерінің азаматтары осы қосымшаны пайдаланса деймін. Президент әркез цифрландыру мен жасанды интеллекті енгізу арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту керектігін баса айтып жүр. Сондықтын бұл платформа біздің мемлекет үшін аса қажет деп оймаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.