Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы жұмысын бастайды

Бүгін «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталық инновациялар мен тың идеялардың мекені деуге болады. Диджитал Бридж 2025 халықаралық технологиялық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап бұл форумды Эй-Ай Бридж деп атауды ұсынды. Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок та қатысты.
———————————————