Еліміздің шығысындағы 11 коммуналдық кәсіпорында атмосфераға таралатын зиянды қалдықтардың көлемі мүлдем бақыланбайды. Себебі жабдықтары әбден тозған. Мұнымен қоса, өңірдегі жылу қазандықтары мен бірнеше жылу электр орталығында экологиялық дабыл қаққыштар атымен жоқ. Жауапты мамандардың айтуынша, қорғаныс шараларына, бюджеттен қаражат бөлінбеген. Жоба түбегейлі жүзеге аспай отыр. Облыстағы 20-дан астам зауыт жылына 500 тоннадан астам зиянды қалдық тастайды. Ресми статистикаға сүйенсек, тек Өскеменнің өзінде орналасқан металлургиялық өндіріс ошақтары мен Жылу Электр Орталығынан бір жылда 55 мың тонна зиянды қоспа ауаға тарайды. Ал қаланың жеке секторында 240 мың тонна көмір жағылады. Сондықтан облыс орталығында экологиялық мониторинг жүйесін қолға алу аса маңызды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.