Қазақстанда төтенше табиғи жағдайдан зардап шеккен шағын және орта бизнеске өтемақы төлеу ережелері бекітілді. Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы 11 қазаннан бастап күшіне енеді. Зардап шеккен кәсіпкерді есепке алу аймақтық комиссия арқылы әкімдікте жүзеге асырылады. Өтемақы жоғалған мүлік, материалдық құндылық пен қалпына келтіру шығындарын жабады, ал сақтандырылған мүлікке өтемақы төленбейді. 10 миллион теңгеден төмен шығын орташа айлық табысқа негізделіп есептеледі, ал одан асса бағалау актісі арқылы анықталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.