Қостанайда жылдар бойы қаңырап тұрған жылыжайларды кәдеге жаратудың жолы табылды. Өңірде Агро экохаб жобасы іске қосылды. Мақсаты – органикалық қалдықты қайта өңдеп, экологиялық білім беру арқылы, қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешу. Бұл үшін алаң тегін ұсынылып отыр.
Жартылай бұзылып, жабайы шөп басқан ғимарат бұған дейін иесіз қалған шаруашылықты елестететін. Қазір бұл жерде жұмыс қайнап жатыр. Айнала тазартылып, қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұған дейін қоқыс қалдықтарын жинау және қайта өңдеуші «Тазалық -2012» коммуналдық кәсіпорныда агроэкохаб жобасы жүзеге асырыла бастады. Бизнес өкілдері, экобелсенділер осылайша қордаланған мәселелерді шешпек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.