«Таза Қазақстан» эстафетасы оңтүстік өңірже жалғасып жатыр

Алматы облысының Жамбыл ауданынан бастау алған «Таза Қазақстан» эстафетасы еліміздің оңтүстік өңірінде жалғасып жатыр. Алматы және Жамбыл облыстарындағы эстафетаның алғашқы күнінде ұйымдастырылған іс-шараға 500-ге жуық ерікті қатысты. Олар апта бойы, мыңдаған шақырым жол жиегін қоқыстан тазартып, Алматы – Қызылорда тас жолының бойында орналасқан елдімекен тұрғындарымен кездеседі. Экологиялық акция аясында «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешені мен «Ақыртас» монументінің және ежелгі Сауран қалашығының айналасын тазарту, абаттандыру жұмыстары жүреді.
———————————————