Қазіргі армияда сарбаздар, плэстейшн ойнайды. Бәрінде емес әзірге Алматыдағы байланыс полкінде ғана. Фитнеске барады, ағылшын тілінен дәріс алады. Мұның бәрі әскери қызметке жастарды тарту үшін жасалып отырған қадам,- дейді Қорғаныс министрлігіндегілер. Олар тіпті солдаттар ішіндегісін айтсын деп, жасанды интеллектке негізделген Айсұлу чат-ботын іске қосқан.
Қазіргі әскер бұрынғыдай емес. Сарбаздар әскери-физикалық дайындықтан бөлек, жан-жақты дамыған тұлға болып шығады дейді Қорғаныс министрлігінің басшылығы. Ведомство жастарды әскерге баруға қызықтыру үшін кейбір әскери бөлімшелерін трансформациядан өткізіп жатыр. Геймификация тәсілін қосқан. Ол қатардағы сарбаз әр оқыған кітабы үшін, әр қатысқан спорты үшін балл алады. Жинаған балын демалысқа немесе оқу грантын ұтуға алмастырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.