Шерхан Қалмырзаға бизнесмен жаңа көлік сыйлады

Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза футбол жанкүйерлерінің ғана назарында емес, табысты кәсіпкерлердің де ықыласына бөленіп жатыр. Белгілі бизнесмен, блогер заманауи Exeed автокөлігін сыйға тартты. Ол «Жастарға сенім артып,еңбегін бағалау – парызымыз. Шерхан Қазақстан футболының болашағы екенін көрсетті», – деді.

Айта кетейік, Шерхан Қалмырза «Селтик» пен «Реалға»
қарсы матчтардағы ойынымен көзге түсіп, футбол жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Алматыдағы «Қайрат» – «Реал» тарихи кездесуіне 5 200-ден астам шетелдік турист келген. Дені – Қытай азаматы. 1400-дей адам. Одан кейінгі орында Ресей – 969 турист, Үндістаннан – 365, Оңтүстік Кореядан – 249 және Өзбекстаннан – 246 жанкүйер келген.
———————————————