Атырауда мас жігіт жедел жәрдем көлігінде жанжал шығарды. Әу баста тұрғындар автобус аялдамасы жанында тұрған көліктің ішінде полицей формасына ұқсас киім киген екі ер адамның жатқанын көреді. Жағдайы мүшкіл деп ойлаған олар бірден жедел жәрдем шақырған. Бірақ кейін әлгі біреуі мінез көрсетіп, шу көтеріпті. Тіпті фельдшер мен блогерге жұдырық ала жүгірді. 29 жастағы ер адамның мас екені, тіпті жүргізуші куәлігі де жоқ екені анықталды. Формасын кигені болмаса полицияға ешқандай қатысы болмаған. Екіншісі аяғынан жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілді, бірақ ол қашып кеткен.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.