Алматы облысында мұғалім оқушыларды таяқпен тәрбиелемек болған

Алматы облысындағы мектептің бірінде оқыс оқиға. Лев Толстой атындағы білім ордасының ұстазы оқушыларды таяқпен тәрбиелемек болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жуан жұдырықты мұғалім балаларды білімімен емес, білегімен мойындатуға тырысып-баққанын байқауға болады. Бір оқушының желкесінен жұлқыса, енді бірінің басын- сөмкемен ұрады. Жанжалға нақты не себеп болғаны белгісіз. Болжам бойынша, балалардың тәртіпсіздігі мұғалімнің жүйкесін жұқартқан көрінеді.
———————————————