Әлеуметтік төлем 10% өседі

Әлеуметтік төлем 10% өседі. Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке жарамсыз және асыраушысынан айырылу төлемі 10 пайызға индекстеледі. Бұл бастама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа қаулысында көрсетілген. Төлем мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі. Ол соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымға негізделген орташа табысқа, еңбекке жарамсыздық деңгейіне, асырауындағы адам санына, сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен табыс орнын басу коэффициентімен анықталады.
———————————————