Ұлытау облысында жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен 7 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Нақты айтқанда, ауылға аса қажет болған медициналық пункт пен амбулатория. Тұрғындар жылдап күткен. Енді олар үшін ауыл ішінде-ақ дәрігерлік көмек алуға мүмкіндік туады. Бұрын дәрігерге жету үшін ондаған шақырым жол жүруге тура келсе, жаңа заманауи ғимарат салынған соң қажет жабдықтармен қамтамасыз етілген кабинет ашылады. Құрылыс ұлттық жоба аясында қолға алынып, биыл ел игілігіне беру жоспарланған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.