Президент ОПЕК пен Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшыларын қабылдады

Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады. Олар әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Президент халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дорин Богдан-Мартинді Халықаралық электр байланысы одағының 160 жылдығымен құттықтап, ұйым цифрлық технологиялар саласындағы жаһандық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратынын айтты.
———————————————