Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы Kazakhstan Energy Week-2025 және XVI KAZENERGY форумының пленарлық отырысына қатысты. «Жаңа энергетикалық тәртіп: орта державаларға назар аудару» тақырыбындағы форумда Үкімет басшысы Президенттің үндеуін оқып берді.
Айта кетейік, іс-шараға әлемнің 50-ден астам елінен 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты жиналды. Қатысушылар арасында халықаралық энергетикалық ұйымдардың басшылары, ірі мұнай-газ корпорацияларының жетекшілері және энергетика министрлері бар.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Экономика, ғылым, білім, инновация, озық технология сияқты стратегиялық маңызы бар салалардың дамуы қуат көздерінің қолжетімді болуына тікелей байланысты. Сондықтан біз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен дербестігін нығайта түсу үшін ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Осы маңызды іске халықаралық серіктестеріміз зор үлес қосып келеді. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.