Digital Bridge форумында роботтар рингке шығып, бокстасты

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge форумына қатысушылар ерекше оқиғаның куәгері болды. Роботтар рингке шығып, бокстасты. Қызығы сол, «спортшылар» тек қорғанып қоймай, бір-біріне соққыларын төпелетуге де тырысып, жиналған жұртты қарқ қылды. Бұдан бөлек, құлтемір төбеттер баспалдақпен түсіп, кедергілерден сүрінбей өткен сәті де көпшіліктің көңілін көтерді.
———————————————