2-4 қазан аралығында Қазақстан астанасы технология мен жасанды интеллектің эпицентріне айналды. Халықаралық IT-форум Digital Bridge 2025 форумына бүгін цифрлық технология көшбасшылары, әлемдік IT-сарапшылары, технологиялық алпауыттардың өкілдері, табысты өнімдер мен стартаптардың авторлары мен негізін қалаушылар бас қосты.
Digital Bridge форумы аясында Астанада стартаптардың көрмесі ұйымдастырылды. 150-ге жуық IT компания мен мемлекеттік мекемелер озық цифрлық жобаларын қалып жұртшылықтың назарына ұсынды. Көрме-алаңда қазақстандық компаниялардан бөлек, Орталық Азия елдерінің павильондары құрылған.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Жасанды интеллект тақырыбындағы шара Астанада екінші күн жалғасып жатыр. Студенттер, болашақ ІТ мамандары әлі де түрлі компания ұсынған озық технология жетістігін тамашалап жүр. Бүгін 6 залда панельдік сессиялар өтіп жатыр. Жасанды интеллект бизнесте, өндірісте, білім мен денсаулық саласында қалайша жүзеге асырылып жатыр, оның тетіктері жаңашылдықтар тың ұсыныстар айтылуда.
Digital Bridge бүгінде IT-саланың ең ауқымды оқиғасына айналып отыр. Оны Қазақстан ғана емес, бүкіл өңірдің IT-мамандары мен қауымдастығы асыға күтеді. Соңғы 6 жылда форумға әлемнің 100 елінен 67 мыңнан астам адам қатысып, 550 қатысушы мен мыңнан астам спикер сөз сөйлеген. «Бұл сессия тек технологиялық жетістіктерді көрсету алаңы ғана емес, сонымен бірге өз шешімдерін ұлттық және жаһандық деңгейде кеңейтуге қолдау алу мүмкіндігіне жол ашу», — дейді қатысушылар.
ЗАМИР ТӨЛЕНОВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ:
— Шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Күн сайын жасанды интеллекте пайдалы панельдік сессиялардың өтуі бәрімізге пайдалы. Заманауи технологияны меңгерген білімді, тәжірибелі мамандардың бұлай бас қосып, тәжірибе алмасуы таптырмайтын кездесу.
Кеше Президент тұсауын кескен Alem.AI жасанды интеллект орталығы жұмысқа кіріскен. Орталық қазақстандық AI-шешімдердің экспортын арттырып, жаңа технологиялық және экономикалық серпін береді, ал Астананы Орталық Азиядағы зияткерлік орталыққа айналдырады деген сенім бар. Форум жалғасып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.