Өскеменде ескі трамвайларды заманауи көлікке ауыстырып жатыр. Биыл қалаға үш жаңа трамвай әкелінсе, өткен жылы тағы төртеуі мемлекеттік қаржы есебінен алынған. Трамвай паркінің жұмысына биыл 540 миллион теңге бөлінген. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл орынды шығын, өйткені трамвайлар күніне 10 мыңнан астам металлургия кәсіпорындарының жұмысшысын тасымалдайды. Қазір жолға тек 11 вагон ғана шығып жүр, ал толыққанды қызмет үшін кемінде 18 қажет. Сол себепті парк басшылығы қосымша техника сатып алуға қаржы сұрап отыр. Қала тұрғындары да трамвайды құп көреді. Өйткені, оның автобустан айырмашылығы- кептелісте тұрмайды, әрі жаңа вагондарда кондиционер мен жылыту жүйесі орнатылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.