Кәсіпкер Астанадағы көпқабатты үйдің дәлізін асханаға айналдырған | 03.10.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕГІ ЖАНЖАЛ
Арнайы жасақ формасын киген жүргізуші Атыраудағы жедел жәрдемде жанжал шығарды. Фельдшер мен блогерге шабуыл жасаған. Қылмыстық іс қозғалды.

СЭС НЕГЕ ҮНСІЗ?
Көпқабатты тұрғын үйдің дәлізінде кәсіпкер тапсырысқа тамақ әзірлеп, санитарлық талапты бұзып отыр. Елорда тұрғындары бес ай бойы тыйым сала алмай жүр.

ҚҰС ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Павлодар облысында құс қырылып жатыр. Бұған дейін дәл осындай оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған еді. Сараптама нәтижесі қандай?

ТРАМВАЙМЕН ЖҮРЕДІ
Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көлік жаңартылып, көшеде төрт трамвай жолаушы таси бастады. Тұрғындар экологиялық таза көлікпен жүріп, тынысымыз ашылды дейді.

ҰСТАЗДАР КҮНІ
Ұстаздың бес ұстанымы қандай? Бір әулеттен 6 мұғалім шыққан атыраулық Камалиденовтер әулеті ұстаздық ұстанымды бөлісті.
———————————————