Аустралияның Сидней қаласында 60 жастағы ер адам тұрғын үйдің терезесінен көшеге оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, ол шамамен 50 рет оқ атқан. Салдарынан кем дегенде жиырмаға жуық адам жарақат алды, бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полиция оқ атқан күдіктіні қамауға алды. Тергеу мәліметінше, оның террорлық немесе қылмыстық топтармен байланысы жоқ. Қазір шабуылдың себебі мен қарудың қайдан алынғаны тексеріліп жатыр.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.