Ақтөбе облысының Қопа ауылында мектеп оқушысының өліміне қатысты істің үкімі шықты. Сот үш оқушыға 6 жыл, 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үшеуі де адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп танылды. Бұзақылық ісі бойынша айыпталған тағы үш оқушы сот залында қамаудан босатылды. Оларға 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Дау тудырған қылмыстық іс жарты жыл бойы тергеліп, сонша уақыт сотта қаралды. Қайғылы оқиға былтыр 2 қыркүйекте Темір ауданының Қопа ауылында болған. 10 және 11-сынып оқушылары 14 жастағы Нұржан Сыдықты ауыл шетіндегі ескі, қаңырап қалған моншада аяусыз ұрып, өлім аузында тастап кеткен. Барлығы бір мектепте оқыған және бір бірін жақсы таныған. Бүгін жәбірленуші тараптың өкілі сот шешімімен келісетінін және моральдық шығын өтелгенін айтты. Нұржан көпбалалы отбасында өскен. 15 жасқа толуына бір ай қалғанда қайтыс болды.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.