Қарағандыда кәсіпкер алаяқтық бабы бойынша айыпты болып отыр. Ол коммерциялық нысан және тұрғын үй саламын деп азаматтардан 1 млрд-қа жуық теңге жинап алған. Бірақ не ақшаны қайтармаған, не баспана салмаған. Ал миллиондап қаржы құйған үлескерлер енді құр құжат құшақтап отыр. Анықтай келгенде, компанияның құрылыс жүргізуге және жерді пайдалануға еш рұқсаты болмаған. Соған қарамастан мердігер жылжымайтын мүлікті жарнамалап, үлескерлерден қаржы тартуын тоқтатпаған. Бұған дейін бұл компания 8 көпқабатты үй салған. Онда адамдар тұрып жатыр. Осыны көрген тұрғындар мердігерге сеніммен қараған. Енді кәсіпкер кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға үкім кесілді. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы құрылыс фирмасында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Тағы 51 үлескерге ақшасын қайтарып беруі керек.
Михаил Глухов, үлескер:
 —  Мен және әйелім баспанаға ақша салу үшін несие алған едік. Сөйтіп қарызға белшеден баттық. Әйтеуір кінәлі адам жазасын тартатын болды. Біз жәбірленуші болып отырмыз. Үкімге разымыз.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.