Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық ұсталды. Оған 300 млн теңгенің мұнайын заңсыз сатты деген айып тағылып отыр. Бас Прокуратура және қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері күдіктіні елге экстрадициялады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес ол осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда коммерциялық ұйымның бас директоры болған. Сол кезде Ақтөбе облысында белгілі бір топпен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде мұнай өнімін заңсыз өткізген. Қазір күдікті абақтыға қамалды.
 Ерлан Жанпейісов, Бас Прокуратураның ресми өкілі:
 — Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.