Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының жаппай қырылуына пастереллез ауруы себеп. Сараптама қорытындысы осыны көрсетті. Алайда қанаттылардың бұл індетті нақты қайдан жұқтырғаны белгісіз. Ветеринарлар өлекселерден осымен төртінші мәрте сынама алған. Әзір құс тұмауы расталған жоқ. Дегенмен соңғы сынама Астана қаласындағы Ұлттық ветеринария референттік орталығындағы зертханаға жіберілді.
 Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 20-нан бастап Қызылжар ауданына қарасты Бугровое ауылында үй құстары өле бастаған. Бүгінге дейін елді мекенде 3 мыңнан астам қанаттының өлексесі анықталды. Олардың барлығы өртеліп жатыр. Сондай-ақ ауылда зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынды. Мамандардың айтуынша, пастереллездің емі жоқ. Әрі ол адам мен қара малға қауіпті емес.
Ақылбай Мағжан, кәсіпкер:
— Бес мың құстың 2225-і қырылды. Бүкіл белгілері құс тұмауына келіп тұр. Енді пастереллез дегенге мен сенбей тұрмын. Сараптама жасатамыз.
Ербол Бәгенов, Қызылжар аудандық ВС директоры:
 — Үкімет қаулысына сәйкес аса қауіпті аурулардың қатарына пастереллез жатпайды. Өтемақы қарастырылмаған. Ауданда жүріп жатқан жағдайға қарап, бюджеттен қарастырылмаса да, бірақ басқа субъектілер бар, басқа жағдайлармен қарастырып, өтемақы бойынша көмектесу жағы ертең шешіледі. Ертең аудан әкімімен бірге барып, халықпен кездесеміз.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.