Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жер сілкінісі сезілді. Зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 465 шақырым жерде анықталды. Айталық, Шымкентте сейсмикалық дүмпулердің күші 3 балға дейін сезілді. Қалада арнайы жедел штаб құрылып, төтенше жағдай қызметкерлері барлық мекеменің жұмысын үйлестіріп жатыр. Олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті кеңес беруде. Қаладағы жарық, су, көлік және өндіріс орындары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жамбыл және Түркістан облыстарында да жергілікті мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі аймақтарда мониторингті жалғастырып, тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
БЛИЦ:
 — Телефонға хабарлама келді. 1:30-да сілкінгенін сездім, бір 10 секундтай дірілдегенін сездім.  Бұл жолы шықпадық, өйткені ондай қатты болған жоқ, тек сәл дірілдегенін сездік.
— Ұйықтап жатып, шифоньерге қарасам, қатты қимылдап тұр екен. Түсім екен деп ойладым. Сосын үлкен шкафты ұстап қарасам қимылдамады, сол кезде түсіндім.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.