Бүгін оның бір унциясының құны 3 мың 930 долларға жақын. Ал америкалық алтын 3 мың 954 доллардан сатылып жатыр. Жалпы алғанда, жыл басынан бері сары металл 49 пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың пікірінше, бұған Орталық банктің алтынды көптеп сатып алуы, алтынмен қамтамасыз етілген биржалық қорларға сұраныстың артуы, доллардың әлсіреуі, пайыздық мөлшерлемелердің өсуі және геосаяси шиеленістер себеп.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана Қазақстанда алтынның бір граммының бағасы 68 мың 611 теңгеге жетіп, бұрын соңды болмаған рекордтық деңгейге көтерілген еді. Осыған байланысты біз сарапшының пікірін білген едік.
Сарапшы:
— Әңгіме алтынның бағасы не үшін өсуде деген сұрақ. Одан басқа алтынға альтернативті бола алатын инвестициялық құралдардың барлығында белгілі бір құбылмалық тым көп болып тұр. Сондықтан менің ойымша, инвесторлардың басым бөлігі қазір алтынға ауысқаны жөн деп санап отырмын. Алтынға деген сұраныс жақсы артқан. Көп елдердің орталық банктері, оның ішінде біздің Қазақстанда бар алтынды сатып алуда. Тек қана орталық банктер ғана емес, сонымен ірі инвестициялық банктер, хедж-фондтары болсын, белгілі бір жекелеген инвесторлар болсын барлығы қазір алтынның функциясында.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.