Қазақстанда алғашқы криптовалюта қоры құрылды

Қазақстанда алғашқы криптовалюта қоры құрылды. Ол Alem Crypto Fund деп аталады. Қордың басты міндеті – цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция тарту және криптовалюта қорын жинау. Бұл бастама алдағы уақытта мемлекеттің қаржы қорын жаңа форматта басқаруға жол ашпақ. Қарапайым халық криптовалюта туралы не біледі?
— Криптовалюта ол қазіргі таңда өте дамып жатқан ақша ретінде танимыз. Басқа да валюталарды да білеміз
— Мектеп кезінде сыныптастарым айналысып бастаған. Биткоиндар енді танымал бола бастады, 2016-2017 жылдары көтеріліп бастаған кезде. Карантинге дейін айналысып бастады.
— Мысалы, әр адамда криптоәмиян болады, ішінде криптовалютамен, яғни теңге сияқты ғой, сол валютамен де есеп жасауға болады.

— Криптовалютаға сенбеймін, себебі криптовалюта ақша немесе доллар сияқты еш нәрсеге байланбаған.
— Бар адамдар, айналысып жүрген, дос балдардың арасында, айналамызда.
———————————————