Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысу үшін Әзербайжанға барды

Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының 12-ші саммиті басталды. Биылғы басқосу Габала қаласында өтіп жатыр. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері қатысады. Көшбасшылар түркі елдері арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық байланыстарды талқылайды. Іс шара барысында түркі әлемінің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған. Жиынға Түрікменстан, Мажарстан және Солтүстік Кипр, Түрік Республикасы байқаушы елдер ретінде қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен саммитке арнайы барды.
———————————————