Илон Маск кунг-фумен айналысатын роботты көрсетті

Tesla компаниясы құрастырған Оптимус құлтемірі енді шығыс жекпе-жегін меңгеруге кірісті. Бұл туралы Илон Маск әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Мына бейнекадрларда роботтың адам сияқты қимылдап, кунг-фу әдістерін қайталап тұрғанын көруге болады. Жаттықтырушының қимылын дәлме-дәл жасап, кейін оны ұрыста қолданады. Бұл ақылды роботтар жыл соңына қарай сатылымға шығарылмақ. Осы тұста қазақстандық өнертапқыштар да құр алақан емес екенін көрсетті. Өткен аптада Digital Бридж 2025 форумында отандық роботтар рингке шығып, жұдырықтасқан. Мамандар жасанды интеллектке негізделген мұндай бастамалар жастардың озық технологияға ынтасын арттырады деп отыр.
———————————————