Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ОҚУШЫҒА ҮКІМ
 Ақтөбеде алты оқушыға сот үкім кеспек. Жоғарғы сынып оқушылары 14 жасар баланы Қопа ауылының шетіне апарып соққыға жығып, қансыратып тастап кеткен. Жасөспірім сол арада жан тапсырды.
ДУБАЙДА ҰСТАЛДЫ
 БАӘ-де қазақстандық ұсталды. Оған 300 млн теңгенің мұнайын заңсыз сатты деген айып тағылып отыр. Бас Прокуратура және Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері күдіктіні Дубайдан елге жеткізді.
ЖЕР СІЛКІНДІ
 Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл және Түркістан облыстарында 4 балдық, Шымкент қаласында 3 балдық дүмпу сезілген.
ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
 Орал қаласының жауапты мамандары көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар қысқы жылыту маусымына дайын деп мәлімдеді. Алайда шаһарда көгілдір отынға қосылмаған үйлер бар. Кейбір бес қабатты ғимарат тұрғындары газ баллон жағып отыр.
ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ
 Алматы облысының Қарасай ауданында ат әбзелдері мен зергерлік бұйым жасайтын шебер тұрады. Оның жары киізден сырмақ басып, қазақтың ұлттық киімдерін тігеді. Ұл-қыздары да өнерден кенде емес.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.