Арқалықта дәрігер пациентке мас күйінде операция жасаған

Нейрохирургтің мас күйінде операция жасағаны рас па? Ауруханада көз жұмған пациенттің туыстары осылай деп отыр. Бейнежазба тарағаннан кейін, Арқалықта болған бұл оқиға қызу талқыға түсті. Тұрғындар шұғыл операция жасау үшін облыстан барған дәрігер мінген арнайы көлікті тоқтатып, оны әңгімеге тартқан. Осыдан кейін маман ішімдік ішкен-ішпегенін анықтайтын сараптамадан өтеді. Құрылғы оның денесінде 3,06 промилле алкоголь барын көрсетті.
———————————————