Абай облысының Бестерек ауылында көлік қағып, ауруханада бір айдан бері ес-түзсіз жатқан қыз бала көз жұмды. Тамызда үйдің алдында бейқам отырған бір топ баланы Toyota көлігі соққан еді. Екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға апара жатқанда жан тапсырған болатын. Жарақат алған тағы екі бала санавиациямен Астанаға жеткізіліп, емделді. Ал жағдайы ауыр бір балақай тасымалдауға болмайтындықтан, аудандық ауруханаға жатқызылып, артынан Семейге ауыстырылған. Бүгін сол бала есін жимай көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі қамауда отыр. Оқиға кезінде оның эпилепсиясы ұстап, соның салдарынан балаларды соқты деген ақпарат тараған еді. Оның ақ-қарасын сараптама анықтайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.