Ақтөбе соты елді өтірік емдеп жүрген бақсыға үкім шығарды. Балгер азаматтардың сеніміне кіріп, миллиондаған ақшасын алдап алып отырған. Мойындарына несие ілген. Алдына барған 136 адамды алдап, олардың 579 млн теңгесін бас пайдасына жаратқан. Бүгін сот жалған емшінінің кінәсін дәлелдеп, оған үкім кесті.
Зардап шегуші:
— Қарапайым халықпыз ғой барлығымыз. Отбасында жалғыз өзім ғана жұмыс жасаймын. Халықтың басына, қаншама аналар бір үйден 2-3 адамнан кіріп кетіп отырмыз 2-3 кредитке. Біреуден де емес. Соны анулировать етіп, басымыздан алып тастаса дейміз.
Тұрсынхан Салықов, №2 сотының судьясы:
— ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орны қылмысты атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесне тағайындалсын. ҚР ҚК 74 бабы 1 бөлігі негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды 2 жыл мерзімге кейінгі қалдырылсын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.