Алматыда әлеуметтік желі арқылы танысып, артынша азаматтардан ақша бопсалаған үш күдікті ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, олар ер адамдармен қыздың атынан хат алмасып, кездесуге шақырған. Кейін жалған зорлық туралы шағыммен қорқытып, ақша талап еткен. Құқық қорғаушылар бұл әрекетті алдын ала жоспарланған қылмыстық схема деп отыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері осыған ұқсас 8 дерек анықталған.
Салтанат Әзірбек, ПД ресми өкілі:
— Біреуі — әйел, екеуі — ер адам. Алматылық тұрғынмен танысып, қарым-қатынастан кейін, екеуі оқшауланған кезінде, екі нөкері «бойжеткеннің ағасымын» деп өздерін таныстырып, қоқан-лоқы көрсеткен, дөрекі сөйлеп, бағалы заттарын қолды қылған. Ақша бопсалаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.