Алматы облысында жасы 80-ге таяп қалған кейуананы итеріп жіберіп, қабырғасын сындырған полиция қызметкерінің кінәсі дәлелденсе, заң алдында жауапкершілікке тартылады. Қазір аталған оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл келеңсіз жағдай кейуананы тұрып жатқан пәтерінен сот шешімімен шығару кезінде болған.
Мейрам Әбікеев, облыстық ПД бастығы:
— Әйел мемлекеттік орган өкілдерінің заңды талаптарын орындамай, соның салдарынан жанжал туындады. Полиция дөрекілікке жол берген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.