Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары бүгін Үкіметте осындай бастама көтерді. Қайрат Бижановтың айтуынша, бүгінде оқырманы көп отандық блогерлер жеңіл пайда табу үшін онлайн-құмар ойындарын насихаттап, жұртты соған қызықтырып жүр. Себебі жазасынан қорықпайды. Қазір блогерлер бұл әрекеті үшін әкімшілік айыппұл ретінде 235 мың теңге төлеп, құтылып кетеді. Бұған тосқауыл қоюдың бірден-бір амалы – қылмыстық жауапкершілік деп есептейді агенттік өкілі.
Қайрат Бижанов, ҚМА төрағасының орынбасары:
— Біз мұндай 37 адамды анықтадық, олардың 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көпшілігі — заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзатындар. Мәселені қиындатып тұрғаны – құмар ойындарын жарнамалағаны үшін тікелей жауапкершіліктің жоқтығы. Сондықтан біз онлайн-казиноларды жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсындық. Бұл — қаржы пирамидаларына қатысты қолданылып жүрген тәжірибеге ұқсас шара.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.