Қазақстанның шоколады пен йогурты әзербайжандықтар арасында кеңінен танымал. Кейінгі кезде дәл осы өнім түрлерін жеткізу айтарлықтай артқан. Жалпы, биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 343 миллион долларға жетті. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8% төмен. Біздің елден экспорт көлемі 790 мың тоннадан асты. Қаржы көлеміне салсақ, 290,8 миллион доллар. Күріш, отандық шоколад пен йогурт экспорты шамамен төрт есе артқан. Ал Әзербайжаннан келетін импорт 1,6 есе өсіп, 52,5 миллион долларға жетті. Қазақстан 484 тонна қап пен пакет, 446 тонна алюминий сымы мен профильдерін сатып алған. Сонымен қатар жылқы еті мен балық өнімдеріне сұраныс артқан.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.