Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында орталық аурухана жоқ. Ондағы емдеу мекемесіне аудандық аурухана мәртебесі берілмеген. Ал онда хирург, тіс дәрігері және гинеколог жетіспейді. Ауыл тұрғындары медициналық анықтама алу немесе басқа дәрігерге көріну үшін 200 шақырым жердегі емханаға қатынайды. Босану бөлімі де жоқ. Ал шұғыл жағдайда жүкті әйелдер санитарлық авиациямен Өскеменге жеткізіледі. Сондықтан жергілікті билік аудандық амбулаторияны қажетті жабдықпен қамтып, ғимаратын жөндеуді қолға алды.
Анар Бекбаева. ауылдық амбулатория меңгерушісі:
— Осы жылдар бойы лицензия алу үшін көп жұмыс жасадық, СЭС-пен де жұмыс жасадық. Енді бұйырса бір айдың ішінде лицензия аламыз деп отырмыз. 18 пункттай болды, ішкі жағдайы, вентиляция деген сияқты көп нәрселер болды. Солардан өтіп, тек вентиляцияға келіп тұрып қалғанбыз. Аудандық статус алғаннан кейін ауруханамыз кеңейеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.