Пара алған ҰҚКД қызметкеріне сот үкім шығарды

Шымкентте ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының бұрынғы бірінші орынбасарына үкім шықты. Оған жемқорлыққа барды, алаяқтық жасады және 435 млн теңге пара алды деген айып тағылды. Күдікті 2007-2020 жылдар аралығында мектеп және колледж директорларынан жүйелі түрде пара алып отырған. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сотқа тағы төрт айыпталушы шақырылды.
———————————————