Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген қаржы жымқырылған

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспана құрылысына бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған. Мемлекетке келтірілген шығын 150 млн теңгеден асады. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2020 жылы құрылыс бөлімі мен жеке компания арасында 500 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Алайда кәсіпкер үш жыл жалған акт тапсырып, құжатта құрылыс көлемі мен құнын бірнеше есеге арттырған. Шын мәнінде ешқандай жұмыс жасалмаған. Ал бұған құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы көз жұмып қараған.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
— Заңсыз әрекеттер нәтижесінде, 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілді. Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден асатын құны бар мүлкіне тыйым салынды. Мердігерге қамауға ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
———————————————