Ұлттық ұланда «Аға сарбаздар» институты енгізілді

Бұл бастама тәртіп пен тәлімді күшейтуге бағытталған. Қызметіне адал және жауапты әскерилерге «аға сарбаз» мәртебесі беріледі. Олар жас жауынгерлерге тәлімгер болады. Яғни, жастардың әскери өмірге бейімделуіне көмектесіп, ұжымдық рухты нығайтады. Жаңа жүйе келісім шартпен қызмет ететін әскери қызметкерлердің де жүктемесін жеңілдетіп отыр. Тәжірибе тиімділігін дәлелдесе, болашақта Ұлттық ұланның барлық бөлімінде енгізу жоспарда бар.
Ақжол Нүсіпбай, 5573 әскери бөлімінің аға сарбазы:

— Аға сарбаз — бұл командирдің көмекшісі және өзгелердің өнеге тұтатын жауынгері. Аға сарбаз бола отырып, менің мойныма қосымша міндеттер жүктеледі. Ол жас сарбаздарға көмектесу, әскери қызметшілер арасында қарым-қатынасты сақтау және нығайту. Және командир мен жеке құрамның ортасына дәнекер болу.
———————————————